ВАК 2 макала 2017 №6(50)ӨДТЖ (1) (1)

Түйін: «Кәукен Кенжетаев – қазақ өнерінің алыбы» деп аталатын бұл мақалада актер, әнші, режиссер ұлағатты ұстаз К.Кенжетаевтың шығармашылығы қарастырылған. Күміс көмей әнші қазақ опера өнерінің дамуына көп үлес қосып, сахнада сан тағдырлы, алуан мінезді жүздеген ер-азаматтардың бейнесін сомдады. Оның сан қырлы дарыны өзінің шеберлігін әртүрлі жанрларда танытуға мүмкіндік берді. К.Кенжетаев шығармашылығына жарқын бояулы қызуқандылық, табиғилылық, өміршең шынайылық пен қарапайымдылық тән екендігі кеңінен сөз болды. Кілт сөздер: театр, шығармашылық, спектакль, режиссер, актер. Резюме: В статье «Каукен Кенжетаев – гигант казахского искусства» рассматривается творчество видного актера, певца, режиссера К. Кенжетаева. Золотой голос певца внес огромный вклад в развитие казахской оперы, он сыграл на сцене множество разноплановых мужских образов. Его многогранный талант позволил ему проявить свое мастерство в различных жанрах. В творчестве К. Кенжетаева ярко проявляется темпераментность, природная органичность и скромность характера. Ключевые слова: театр, творчество, спектакль, режиссер, актер. Summary: In the article “Kauken Kenzhetaev – the giant of Kazakh art” is considered oeuvre of a prominent actor, singer and director K. Kenzhetaev. Golden voice of the singer made an enormous contribution to the development of the Kazakh opera, he played on the stage a plurality of diverse male images. His versatile talent has allowed him to show his skills in various genres. In the oeuvre of K. Kenzhetaev pronounced temperament, natural organic and shy character. Key words: theater, art, classic, performance, director, actor. Қасиетті Баянауыл өңірі қазақтың белгілі тұлғаларының отаны екені белгілі. Осы өлкеде дүниеге келген Кәукен Кенжетаев: «Біздің үйде Қали әнші, Ысқақбай күйші, Дүйсенбай ертегіші, Рахметқожа қиссашы, әкем Кенжетайдың сауық сүйгіш ағасы Мұзапар, інісі Қажымұрат, тағы басқа ел жақсылары жиналып, ойын-сауық, думанды қыздыратын. Таң атқанша ән айтылады, күй тартылады, ертегі, қиссалар оқылады. Кенжетайдың сауық сүйгіш ағасы Мұзапар, інісі Қажымұрат, тағыбасқа ел жақсылары жиналып, ойын-сауық, думанды қыздыратын. Таң атқанша ән айтылады, күй тартылады, ертегі, қиссалар оқылады. Кенжетайдың үш ұлы – Әбдікәрім (Абдан), Шахкәрім (Шәкен), Әбдірахым (Кәукен) болдық. Біз кейін Абдан, Шәкен, Кәукен аталып кеттік. Жаңағыдай кештерде біріміз әкеміздің, екіншіміз шешеміздің алдында отырып алып, сілеміз қатқанша ән тыңдап, көзіміз қалай ілініп кеткенін білмей қалатынбыз. Біз үшін Қалидың әні, Ысқақбайдың күйі, өмірде қол жетпейтін қиял сияқты көрінетін. «Шіркін, Қалидай әнші болар ма едік» деп арман етеміз. Біздің ойымызды сезгендей ол: «сендер де өскен соң әнші боласыңдар, онда қапы жоқ» деп қояды» – деген [1,51б.] еді. Иә, Кереку аймағының аршасы мен шыршасы сыңсыған Баянауыл баурайында, Жасыбай көлінің жағасында балалық балдәуренін өткізген ағайынды Шәкен мен Кәукен ән әлдиіне тербеліп өсті. Арқалы әкелерінің жанына жиналған әншілер мен күйшілерді көріп өскен балдырғандардың кеуделеріне өнер дәні ерте егілді. Содан болар бір отбасынан екі бірдей өнер жұлдызының жарқырап шығуы заңды сияқты көрінеді. Қазақстанның Халық артисі, әнші, актер Кәукен Кенжетаевтың ұлт руханиятына сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. Ол 1936-1941 жылдары П.Чайковский атындағы Москва консерваториясында білім алып, 1942–1945 жылдары Хабаровскідегі шекарашылардың ән-би ансамблінде әнші болды. Бұл туралы белгілі театр сыншысы Ә.Сығай : «... Соғыс қарсаңында, Мәскеу консерваториясына аттанған қазақтың өрімдей бір топ бозбала жігіттері ұлттық өнеріміздің дами түсуіне зор тыныс, едәуір екпін қосты. М.Төлебаев, Р.Елебаев, Н.Тілендиев, Б.Досымжанов, К.Кенжетаев сынды сан қырлы таланттар шоғыры орыс мәдениетін игеру талабына құлшына бас қойды. Мәскеу консерваториясының ән класына доцент Е.В.Енаховичтің жетелеуімен қойғаны сол, табан астынан соғыс өрті бұрқ ете қалды. Нота дәптерлері жайына қалды. Хабаровск өлкесінің әскери ансамблінің әншісі Кәукен Кенжетаев ария шырқамаған жауынгерлер гарнизоны кемде-кем шығар. Табиғатынан төгіліп жатқан күшті баритон дауысты көркем жігіттің жағымды тембрі Ресей ормандарын сазбен тербетіп, ақ балтыр ерке қайыңдардың нәзік бұғағын бипаз билетті. Көңілі қабыржыған ержүрек жауынгерлер жас дарынның жарқын келешегіне риясыз бақыт тілеп, талай рет кезекті шабуылдарына түйіле аттанғандары әлі оның көз алдында»

Түйін: «Кәукен Кенжетаев – қазақ өнерінің алыбы» деп аталатын бұл мақалада актер, әнші, режиссер ұлағатты ұстаз К.Кенжетаевтың шығармашылығы қарастырылған. Күміс көмей әнші қазақ опера өнерінің дамуына көп үлес қосып, сахнада сан тағдырлы, алуан мінезді жүздеген ер-азаматтардың бейнесін сомдады. Оның сан қырлы дарыны өзінің шеберлігін әртүрлі жанрларда танытуға мүмкіндік берді. К.Кенжетаев шығармашылығына жарқын бояулы қызуқандылық, табиғилылық, өміршең шынайылық пен қарапайымдылық тән екендігі кеңінен сөз болды.