Наука и жизнь Казахстана 2020

Заң ғылымдарының докторы профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ресей криминологтар ассоциациясының, Санкт-Петербург, Мәскеу криминологтар клубтарының мүшесі, Халықаралық Қазақстан кри- минологтар клубының президенті, Қазақстан Жазу- шылар және Журналистер Одағының мүшесі, «Қа- зақстанның ғылымы мен өмірі» атты халықаралық журналдың Бас редакторы Есберген Алаухановтың «Ф.Н. Плеваконың сот мәжілісіндегі таңдамалы сөз- дері» атты жаңа кітабы жарық көрді. Кітап Қазақстан Республикасының Бас прокура- турасы институты Ғылыми кеңесінің және Халықа- ралық Қазақстан криминологтар клубуның шеші- мімен баспаға ұсынылды. Сонымен бірге Қазақстан Республикасы Бас прокуроының аса маңызды істер бойынша аға кө- мекшісі, заң ғылымдарының кандидаты, Хабылсаят Әбішевтың пікір жазуының өзі кітап құндылығын аша түседі. Кітаптың ерекшелігі сол – Ф.Н. Плевконың бұл еңбегі тұңғыш рет түпнұсқадан қазақ тіліне аударылып отыр. Кітаптың тілі жатық, стилі түсінікті. Ф.Н. Плевако – ХІХ-ХХ ғасырда өмір сүрген, әлемге танымал, атақты Ресей адво- каты, қазақтың жиені. Мұндай талантты қайраткердің тағылымды ғақлия сөздері сот саласындағы азаматтарға аса қажет-ақ. Кітап заң саласы бойынша оқитын студенттерге, магистранттарға, докторанттар мен олардың ұстаздарына және жалпы оқырман қауымға аранлады.

«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҒЫЛЫМЫ МЕН ӨМІРІ – НАУКА И ЖИЗНЬ КАЗАХСТАНА» халықа- ралық ғылыми журналы ғылыми сілтеме жасау индексіне тіркелген (ИНЦ). Журнал ҚР БҒМ Білім және ғылым саласын- дағы бақылау жөніндегі комитет ұсынған заң- тану, филология, педагогика, өнертану ғылым- дары бойынша басылымдар тізіміне кіреді. 2009 жылдан бастап ай сайын сегіз тіл- де жарық кө реді (қазақ, орыс, ағылшын, француз, қытай, чех, венгер, неміс тілдерін- де).