Наука и жизнь Казахстана 3_4 2020

АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН БОСТАНДЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ МЕХАНИЗМІНДЕГІ ҚҰҚЫҚТЫҚ САНА Түйіндеме. Бұл мақалада азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау механизміндегі құқықтық санасы және құқықтық сананың мәнін және азаматтардың құқықтық қорғауды анықтауда білімдік әдістеме қарастырылған. Кілт сөздер: құқықтық сана, құқықтық шындық, құқықтық қорғау, құқық қорғаушылық, қорғау механизмі. Резюме. В данной статье рассматриваютсяправовое сознание в механизме защиты прав и свобод граждан и доктринальные подходы к определению сущности правосознания и правовой защиты граждан. Ключевые слова: правосознания, правовая реальность, правовая охрана, правовая защита,механизм защиты. Summary. This article discusses the legal consciousness in the mechanism of protecting the rights and freedoms of citizens and doctrinal approaches to determining the essence of legal consciousness and legal protection of citizens. Keywords: legal consciousness, legal reality, legal protection, legal protection, protection mechanism. Мемлекеттілігіміздің серпінді даму кезеңінде, қоғамның әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени салаларда жаңғырту тұсында, қабылданған нормативтік құқық пен құқықтық құбылыстардың мәнін мойындай отырып, әлеуметтік дамудағы өзгерістерде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласындағы құқықтық сананың рөлі мен маңыздылығы өзекті болып табылады. Қазақстан Республикасы Конституциясы, сондай-ақ қолданыстағы заңнама азаматтардың бостандықтары мен құқықтарын қамтамасыз етудің және қорғаудың жоғары стандарттарын ұсынады. Қазақстан Республикасының мемлекетік қызметкерлері мен оның органдарының қызметінде ең маңызды шаралардың бірі ретінде, адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуында, Қазақстан Республикасының егемендігін қамтамасыз етіп, нығайту жолдарын халықаралық аренада Қазақстанның қызметін құқықтық қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық ЗАҢ ҒЫЛЫМЫ ЮРИДИЧЕСКАЯ НАУКА LAW SCIENCE 22 заңдарды қалыптастыру маңызды шаралардың бірі ретінде танылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» [1] деп айқын жазылған. Бұл тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік және өзге де органдар атынан өз қызметін орындау барысында заңда бекітілген құқықтық нормалар, жеке адамның құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, мемлекет пен азамат арасында өзара теңдей қарым-қатынасты белгілеу негізінде жүзеге асыратынын айқындайды. Көптеген мемлекеттік органдар үшін олардың қызметі мына мән-жайлардың арақатынасын қатаң сақтау барысында, яғни құқық тәртібі, адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қылмыстар мен өзге құқық бұзушылықтарға қарсы күрес шараларын халыққа тиімді етіп ұйымдастыру міндеттерін шешумен және қалтықсыз Қазқстан халқының мүддесі үшін қызмет етумен ситатталады [2]. Құқық тәртібі мен заңдылықты қамтамасыз етумен арнаулы органдар тобы шұғылданады. Оларды құқық тәртібін қорғау органдары, яғни Қазақстан Республикасы Конституциясымен, басқа да заңнамалық және құқықтық ұйғарымдармен жалпы мемлекеттің өмірі мен қызмет тәртібін күзетуге арналған органдар деп атайды[3]. Құқық тәртібін қорғау – құқық қорғау органдары ұғымымен айтуға тура келеді. Бұл ұғымдар өте ұқсас, бірақ бірдей емес. Олардың функциялық әрекеттері жағынан білдіретін органдар тобы сай келмейді. Құқық тәртібін қорғау органдарының барлығы бірдей құқық қорғау органдарына сәйкес келмейді. Дәл осылайша құқық қорғау қатарына кейбір құқық тәртібін қорғау органдарын жатқызуға болмайды [4]. Дегенмен, кейде қоғамдағы әлеуметтік шиеленісті күшейтеді, сондай -ақ билікке деген сенімге нұқсан келіп, құқықтық нигилизмге жол ашып, оны тиімді жүзеге асыруды қиындатады. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын құқықтық қорғауды қамтамасыз етуде құқықтық сана мен азаматтық заңдылықтың орны ерекше. Құқықтық сананы тұтастай алсақ, ол қоғамдағы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың маңызды құралы бола отырып, заңдылық пен заңдылықты нығайтуға ықпалететіні мәлім. Азаматтардың құқықтық сананың қалыптасуы, сонымен бірге билік өкілдерінің құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетінің қалыптасып, дамуы, мемлекеттің құқықтық және саяси жүйелерінің сапалы және тиімді жұмыс істеуінің міндетті шарты. Құқықтық сана – құқықтық саладағы құқықтар мен міндеттемелердің, рұқсат етілген әрекеттер мен тыйымдардың әділдігі туралы адамның мінез-құлқы мен көзқарасының қалыптасуына тікелей әсер етеді. Азаматтардың құқықтық мінез-құлқын реттеу процесінде құқық пен құқықтық сананың белсенді рөлі көрінеді.

Құқықтық сана құрылымын, оның элементтерін құқықтық реттеудегі құқықтық іс-әрекеттің түрлерімен, оның ішінде құқық қолдану жүйесімен әр түрлі анықталады.