НиЖ №1 (73) журнал 2019 (2)

Юнусов Мадияр Бахтиярұлы SILKWAY Халықаралық университетінің президенті Қазіргі қоғам білімді де, зияткер адамдар өмір сүретін қоғам ретінде ғалымдар тарапынан аса жоғары бағаланып отыр. Кез келген мемлекет үшін педагогикалық білім беру жүйесі оның болашағының негізі болып табылады. Тек қана педагогтар ғана оқып-білім алушыларға, болашақ мамандарға білім, шеберліктер мен дағды, құзіреттіліктерді беріп қана қоймай, сонымен қатар қалыптасқан құндылықтар, дүниетаным жүйесіне тартып, айналаға, жалпы қоғамға жəне өзіне белгілі бір қарым-қатынасты қалыптастыруға үйретеді. Бүгінгі таңда біздің қоғамымыздың алдында шешілуге тиісті өте маңызды міндеттер тұр, оларды шешу бірігіп, келісіп күш жұмсауды қажет етеді. Біз үшін əрқашан ең бастысы – білім сапасы, мамандарды дайындау сапасы болмақ. Оқу орнымызда білім мен ғылым сапасын арттыруға байланысты біршама жұмыстар атқарылды. Институционалды жəне мамандандырылған аккредитациядан өттік. Университетіміз қарқынды дамып келеді. Ғылым мен білім саласында көптеген жетістікке қол жеткіздік. SILKWAY Халықаралық университеті қоғамның педагогикалық, əлеуметтік сұранысына ие кəсіби мамандар дайындайтын жоғары оқу орындарының қатарына қосылды. Университетіміз Қазақстанның жəне əлемнің алдыңғы қатарлы оқу орындарымен тығыз серіктестік пен ынтымақтастық орнатып, білім мен ғылымның дамуына белсенді атсалысуда.

SILKWAY Халықаралық университеті Қазақстанның жоғары білімі мен ғылымын дамытуға атсалысып, заманауи қоғамның сұранысына, бəсекеге қабілетті кəсіби мамандар дайындау бағытындағы жұмыстарын одан əрі дамытады деп нық сеніммен айта аламын.